Білім
Мектептерде бітіру кешін өткізуге тыйым салу – заңсыз, министрлікте мұндай құқық жоқ – Заңгерлер

Фото: Сюжет кадрларынан скрин
Қазақстандық заңгерлер аттестаттарын алған түлектерге сән-салтанатты банкеттер жасауға мектеп әкімшілігі тыйым сала алмайтынын жеткізді. Айтуларынша, бітірген түлектерге бұдан соң ата-аналар ғана жауапты болады, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқу-ағарту министрлігі бітіру кештері мен көлік жалдауға тыйым салынғанын ескертіп келеді. Алайда заңгерлердің айтуынша, аттестат алғаннан кейін мектеп оқушылары оқушы мәртебесінен айырылады. Яғни оларға енді ата-аналары ғана жауап береді.
Рестораторлардың айтуынша, биыл бітіру кешін мейрамханаларда өткізуге қызығушылық айтарлықтай төмендеген. Бұдан бөлек, іс-шаралардың басым бөлігі кешкі сағат 7-ден 11-ге дейінгі уақыт аралығында ғана өтіп жүр.
“Ата-ана міндетті түрде бірге жүруі қажет. Бір оқушының қасында бір ата-ана болуы керек. Әдетте бізде 3-5 сыныптан көп брондап жатады. Қонақ саны 120-дан 200-ге дейін, кейде одан да көп болады”, – деді «Hayat» мейрамханасының әкімшісі Азиза Сооатова.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұған дейін ата-аналар мен түлектерді мектептегі салтанатты шараларды қымбат кештерге айналдырмауға, мейрамхана мен дәмханаларда бітіру кешін тойламауға шақырған еді.