Жаңалықтар

Мемлекеттік құпиямен айналысатын мамандардың жалақысын көтеру ұсынылды

Фото: ашық дереккөз

 

Бастаманы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көтерді.  Ұсыныс «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылды.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы”республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және қызметтік құпияны қамтитын құпия және өте құпия құжаттармен тұрақты жұмыс істейтін мамандарына базалық лауазымдық жалақыны 25 %-ға көтеру көзделген»,- деп жазылған құжатта.

Қоғамдық талқылау 24 шілдеге дейін жалғасады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close