Жаңалықтар

Мемлекеттік күзет қызметі турнир өткізді

Фото: ашық дереккөз

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен “Майлан” далалық оқу орталығында Millitary Drone Race турнирі өтті, деп жазды  qandastar.kz

Сайысқа ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, т.б. құрылымдардың командалары қатысты. Турнирдің серіктесі — “Ashyk Aspan Foundation” білім және ғылым қоры. Сайыс нәтижесінде ҚР МКҚ командасы жеңімпаз атанды, екінші орында ҚР ҰҚК “А” арнайы жасағы командасы, ал Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командасы үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, FPV-дрондарды басқару турнирі осы саладағы мамандардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталды. Сайыс оларға жаңа жүйелерді басқару дағдыларын жетілдіріп, практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғыларын тактикалық қолдану саласын одан әрі дамытуға үлесін қосты деуге болады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close