Жаңалықтар

Мемлекеттік орман қорғау қызметкерлерінің жалақысына 100 пайызға дейін үстемақы қосылады

Фото: Егемен Қазақстан
Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы жобасына сәйкес, орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар берілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қазақстан Респубикасы мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің, орман өрт сөндіру станцияларының өртке қарсы қызметтерінің, орман орналастыру ұйымдарының жұмыскерлеріне, орманды және жануарлар дүниесін авиациялық қорғаудың өрт сөндіруші десантшыларына, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларына және жануарлар дүниесін қорғау, ормандарды күзету, қорғау, өсімін молайту және орман пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың, балық шаруашылығының су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық жіберу жөніндегі өсім молайту кешені мемлекеттік кәсіпорындарының инспекторларына денсаулыққа және өмірге зиян келу қаупінің төнуіне байланысты жұмысы үшін лауазымдық ақыдан 100% мөлшерде үстемақы беріледі”, – делінген құжатта.

Жалақыға 100 пайыздық үстемеақыны орман өрт сөндіру станцияларының, орман мекемелерінің, табиғат қорғау және орман шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері алады.

  • Орман өрт сөндірушілері;
  • Өрт сөндіру машиналарының жүргізушілері;
  • Тракторшы-машинистер;
  • Радиооператорлар;
  • Өрт сөндіру машиналарын, жабдықтары мен аппаратураларын жөндеу слесарьлары;
  • Өрт бақылау мұнарасының бақылаушылары.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close