Жаңалықтар
“Мен сол сәтте қорықтым“. Шерзат Болат ісінде куәгердің жауаптары өзгерді

Фото: ашық дереккөз
Талдықорғанда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат ісінде куәгер деп танылған Эльмира Нұрбекова бұған дейін айтқан сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Нұрбекова сотта және тергеу кезінде Абзал Шынасылдың қолында пышақ болғанын және Шерзаттың арқасына соққы жасағанын өз көзімен көргенін айтқан еді. Алайда сот барысында ол бұл мәлімдемесіне қарсы пікір білдіріп, айыпталушының қолынан пышақ көрмегенін жеткізді.
Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы Нұрбековадан оқиға орын алғаннан кейін заң өкілдеріне не себепті хабарламағанын сұрады. Куәгер бұл сұраққа былай деп жауап берді:
“Мен сол сәтте қорықтым. Данамен Талғарға жеткен соң, полицияға барып, барлығын айтып береміз деп ойладым”, — деді ол.
Еске сала кетейік, 10 сәуірде Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі басталды.
Сотта прокурор күдіктілердің есімдерін атады:
Шынасыл Абзал Нұрғалиұлы
Сакиев Равил Магомедович
Белғожаев Шыңғыс Айдосұлы
Азкентай Дархан Байылханұлы
Тоқтаубаев Нұрбол Мұратбекұлы
Ілиясов Нұрқияс Төлекбекұлы
Тоқтаубаев Азамат Маратбекұлы
Қалиахмет Дидар Еркінұлы
Ысқақ Думан Қайдарұлы