Жаңалықтар

«Менің тапқаным – менікі»: Сара Тоқтамысова отбасындағы қаржы мәселесіне қатысты ойын бөлісті

Фото: жеке қорынан

Белгілі айтыскер ақын Сара Тоқтамысова қоғамдағы әйелдердің кейбір іс-әрекеттері мен көзқарасын сынады. Бұл туралы qandastar.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айтыскер ақынның айтуынша, отбасылық бюджет бірге болып, ортақ бір мақсатқа жұмсалуы керек.

“Қазіргі қоғамда, әсіресе, біз, әйелдер көп менмендікке салынып кетеміз. Қай білгіштің ойлап тапқанын білмеймін, мынадай сөз бар: Менің тапқаным – менікі, күйеуімнің тапқаны – біздікі деп ұрандатып отыратындар бар. Қараңызшы, сіздің күйеуіңіздің жұмысы аяқасты жүрмей қалды, аяқасты тоқтап қалды. Ескере кетейік, жатыпішер, жалқау, әйелінің мойнына өмір бойы масыл болып отыратын еркектер туралы айтып отырған жоқпын. Қоғамда бар дүниені айтып отырмын”, – ойын бөлісті ақын.

Одан кейін өнер иесі күйеуінің табыс таппай қалғанын сөз етіп, оны сөгетін әйелдерге ескерту жасады.

“Тура осы кезде «ой, менің күйеуім түк таппайды, менің қалауларымды орындамайды, ананы қарашы, мынаны қарашы деп өзін кім көрінгенмен салыстыра берсең, әйел адам өз берекесін өзі қашырады екен. Осы кезде небір ақылгөйлер көбейеді. «Саған оның не керегі бар, өзің жақсы қаражат табасың, сұлусың» деп болмайтын ақылын тықпалайтындар табылады. «Әйелге ақыл керек» деген осыдан шыққан. Ақылды жолдас болса, ешбір әйел ажыраспайды», – деген пікір айтты суырыпсалма ақын.

Айта кетейік, айтыс әлемінің жұлдызы зорлық-зомбылыққа қатысты заң аясында пікір білдірген еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close