Жаңалықтар
Мешітте адамдарға шабуыл жасалып, 9 адам қаза тапты

Құрбай айтта мешітте адамдарға шабуыл жасалып, 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы Mareb Press-ке сілтеме жасап.
Йеменде мешіттегі шабуылдан 9 адам қаза тапты. Оқиға Йеменнің Эль-Бейда провинциясында болған.
Құрбан айт (Ид-аль-Адха) мейрамында, кешкі намаз кезінде белгісіз ер адам мешіттегі жамағатқа шабуыл жасаған.
Белгілі болғандай, қаскөй адамдар көп жиналған жерге граната лақтырып, артынша намаз оқып тұрған жамағатқа оқ жаудырған. Шабуыл салдарынан 9 адам қаза тауып, тағы 12 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің қатарында 12 жастағы бала да бар.
Куәгерлердің айтуынша, мешіт ішінде үрей мен дүрбелең болған. Адамдар бағаналардың артына тығылып, оқтан жасырынып, кейбірі көшеге қашып шығып аман қалуға тырысқан.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, күдікті шабуыл жасағаннан кейін бір жарым сағаттан соң ұсталған. Алдын ала ақпарат бойынша, оның психикалық ауытқуы болуы мүмкін деген жорамал бар. Қазір тергеу жүргізілуде, шабуылдың себептері мен мотивтері анықталып жатыр.
Адамдар мешітке отбасыларымен бірге келіп, исламдағы ең қасиетті мейрамдардың бірін атап өтпек болды. Бұл күн бейбітшілік, дұға және бірігудің күні болуы керек еді. Алайда ол қорқыныш пен қасіретке айналды, – деп жазуда жергілікті басылымдар.