Әлеумет және қоғамЖаңалықтар
Меценат Азамат Доланбаевқа іздеу жарияланды

Фото:
“ А Сlass Medical» компаниясының директоры, меценат Азамат Доланбаев ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп, іздеуде жүр. Ол адам денсаулығына зиян келтіргені үшін айыпталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кеше lider.kz еріктілер қозғалысының парақшасында Доланбаевқа іздеу жарияланғаны туралы хабарлама пайда болды.
Алматы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«Азамат Д. ауыр дене жарақатын келтіруге байланысты қылмыстық іс бойынша іздеуде. Медеу аудандық полиция бөлімі оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Сот күдіктіге 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялады», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі HALYQSTAN басылымына берген жауабында.
БАҚ мәліметінше, Азамат Доланбаев – «A Class Medical» компаниясының директоры. 2020 жылы Талғар орталық аудандық ауруханасы осы компанияға 15 жылға сенімгерлік басқаруға берілген.