Михаил Шайдоров XXV қысқы Олимпиада ойындары аясында өткен гала-концертте өнер көрсетті. Бұл жөнінде NUR.KZ сайтына сілтеме жасаған Qandastar.kz хабарлады.
Милан мұз айдынында ұйымдастырылған салтанатты шараға 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және арнайы шақырылған мәнерлеп сырғанаушылар қатысты.
Ерлер арасындағы жарыстың чемпионы ретінде Шайдоров бағдарламаның соңғы бөлімінде сахнаға шығып, «Кунг-фу панда» бейнесінде өнерін ұсынды. Көрермендер оның қойылымын жоғары бағалады. Шайдоровпен бірге жұптық сырғанаудан күміс жүлдегер Лука Берулава және образдық қойылымға қатысқан тағы бір спортшы мұз айдынында өнер көрсетті. Ауыр костюмге қарамастан, ол бірнеше күрделі элементті орындап шықты.
Өнер көрсетуді аяқтағаннан кейін спортшыны қолында ойыншық панда ұстап тұрған әйгілі актер Джеки Чан жылы қарсы алып, құшақтады. Гала-шараның құрметті қонағы Шайдоровтың өнеріне оң бағасын берді.
Шоу соңында барлық қатысушылар мұз айдынына қайта шығып, көрермендерге алғыстарын білдірді. Бұған дейін Шайдоров Олимпиада кезінде киген еркін бағдарлама костюмін Олимпиада мұражайына табыстаған еді.



