Жаңалықтар

Миллиардтық ұрлық: мұнай кәсіпорындарының басшылары ұсталды

Фото: ru.freepik.com

 

Қазақстанның бес мұнай-газ кәсіпорнында миллиард теңгеден астам сомаға ұрлық анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасай отырып.

«ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС-нің («Қазмұнайгаз» АҚ еншілес кәсіпорны) лауазымды тұлғалары жеткізушіден 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін автобустарды қабылдағаны анықталды. Оған қоса, олардың құнын 400 миллион теңгеге қосты. Сондай-ақ, жұмыс істемейтін арнайы техника қызметтері үшін 110 миллион теңге мөлшерінде ақша қаражатын аудару фактілері анықталды.

«Басқа кәсіпорында – West Oil Software ЖШС ( «ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС мердігерлік ұйымы) – жұмыс істемеген адамдарға 400 миллион теңгеден астам жалақы төлеу, жалақыны негізсіз есептеу, оның ішінде компания басшылығының жақын туыстарына ақша аудару фактілері анықталды», – деп хабарлады прокуратурада.

Аталған бұзушылықтар бойынша ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету») бойынша сотқа дейінгі бес тергеу басталды. Іс жүргізу прокурорлары тағайындалды.

« Сотқа дейінгі тергеу аясында аталған ұйымдардың төрт басшы лауазымды тұлғасы ұсталды. Қылмыстық істер облыстың экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», – делінген хабарламада.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close