Білім

Министрлік Қызылордадағы 16 жасар оқушының жағдайын бақылауға алды

Фото: ашық дереккөз

Бүгін аймақтық бала құқықтары жөніндегі уәкіл зардап шеккен қызбен және оның отбасымен кездесті. Қазіргі уақытта облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары оған қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсетуде, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде. Сондай-ақ, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Аталған жағдай ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қатаң бақылауында.

Айта кетейік, Қызылорда облысында жағаұстатар жағдай орын алды. «Немолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің сөзінше, 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

“Шын мәнінде жағдай адамшошитындай болып шықты, қызды азаптап, мефедронды күштеп қабылдауға мәжбүр еткен, тұншықтырып, балқытылған пакеттермен күйдіріп, қорлаған, жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің сайтына тіркеп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етіп, ақшасын алып жүрген екен”, – деп хабарлады қор жетекшісі.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close