Қаржы және төлемдер

Министрлік мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің көлемін айтты

Фото: ашық дереккөз
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕӘҚМ) бүгін, 21 қаңтарда 2025 жылы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz

2024 жылы мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 613,1 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 80,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 552,3 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 193,9 мың адамды құрады.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады.

2024 жылы 102,3 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал шамамен 67,9 мың отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close