Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Министрлік жауап берді: Шенеуніктердің қай елдерде мүлкі бар?
Фото: ашық дереккөз
Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілер жылжымайтын мүлік сатып алатын ТОП 5 елді атады, – деп хабарлайды qandastar.kz.
Министрлік мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары декларацияларында нені көрсеткенін түсіндірді.
Ресей— 2 218 нысан;
Түркия — 185 нысан;
Қырғызстан — 45 нысан;
Болгария — 44 нысан;
Біріккен Араб Әмірліктері— 42 нысан.
Бұған дейін «Курсив.кз» жазғандай, ведомство нысандардың болжамды құнын ашып көрсетпеген. Олардың иелерінің жұмыс орны мен лауазымы да белгісіз. Өйткені мұндай мәліметтер декларацияны толтыру кезінде көрсетілмейді.