Жаңалықтар
Министрліктен құрылған жұмыс тобы Қостанайдағы зауыттарды аралады
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобы 27 маусымында Қостанай қаласына барды. Осыған дейін Жұмыс тобының отырыстарына қатыспаған петицияның бастамашылары мен белсенділері «МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты» ЖШС зауытын аралауға келді,- деп хабарлайды qandastar.kz ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыс тобының құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің вице-министрлері, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Жасыл Даму» АҚ, «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы» ЗТБ, өкілдері, сонымен қатар петиция бастамашылары қатарынан «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдерінің бар екенін еске саламыз.
«Зауытты зерттегеннен кейін мен елімізде өнеркәсіптік аймақтар мен роботты өндіріс желілері бар заманауи зауыттар бар екенін мақтан тұтамын. Менің ойымша, жұртшылыққа қазақстандықтар жұмыс істейтін, әлеуметтік кепілдіктер мен жұмыс орындарын алатын зауыттарымыз бар екенін жеткізу маңызды. Бұл жерде біз кәдеге жарату мен өнеркәсіпті дамытуды бөлісуіміз керек екенін түсінуіміз керек. Автоөндірушілер кәдеге жарату алымының тікелей бенефициарлары болып табылмайды, сондықтан оларды мүдделілік үшін кінәлауға болмайды», – деді Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков.
«МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты» ЖШС – «BELARUS» маркалы тракторлар шығаратын кәсіпорын. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 3000 трактор шығаруға есептелген. Кәсіпорын ауыл-шаруашылық тракторларының 20 түрін шығарады.
Жұмыс тобының қатысушылары өндіріс барысымен танысу үшін зауытты аралады. Топтың толық құрамы тракторды құрастыру барысын басынан бастап бақылағанын айта кеткен жөн.
Жұмыс тобы осыдан кейін «АгромашХолдинг KZ» АҚ, «Allur», «KamLitKZ» ЖШС зауыттарына, сондай-ақ «Қостанай автомобиль көлігі колледжіне» баруды жоспарлап отыр.