Жаңалықтар
Министрліктің қатесінен 800 акробатикамен айналысатын оқушы разряд ала алмай жүр

Фото: ашық дереккөз
Туризм және спорт министрлігінің қатесінен Қазақстан бойынша 800-ге жуық спорттық акробатикамен айналысатын оқушы спорттан разряд ала алмай жүр, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы балалардың жаттықтырушылары, ата-аналары түсірген видео жария болғаннан кейін белгілі болды.
Бұған дейін «Власть» жазғандай, ведомство атақ беру туралы бұйрыққа спорттың осы түрін қосуды ұмытып кеткен. Бір жарым жылдан бері көмек сұрап жүрсе де, министрлік мәселеден бейхабар. «