Қаржы және төлемдер

Мол табыс тапқан 301 блогер салық төледі

Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік кірістер комитеті биыл камералдық бақылау нәтижесінде 80 мыңнан астам азаматқа салық бойынша хабарлама жіберді. Олардың ішінде 854 блогер бар, деп хабарлайды qandastar.kz

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, салық органдарының мақсаты – барлық жеке тұлғаның, соның ішінде блогерлердің де табысынан салық төленуін қамтамасыз ету. Бұл жұмыс камералдық бақылау арқылы жүргізіледі. Яғни салық органдары салықтық есептіліктерді, мемлекеттік деректерді және өзге де ақпарат көздерін сараптап, сәйкессіздіктерді анықтайды.

2025 жылы осындай бақылау нәтижесінде 80 мыңнан астам жеке тұлғаға, оның ішінде 854 блогерге хабарлама жіберілген. Бұл хабарламаларда табыс пен салық есебінде сәйкессіздік бары көрсетіледі. Бүгінде 301 блогер өз табысын мойындап, жалпы сомасы 9,4 млрд теңгені декларациялаған. Нәтижесінде олар мемлекетке 520,7 млн теңге жеке табыс салығын төледі, — делінген редакциямызға берген ресми жауапта.

Салық органдары блогерлерге қатысты ешқандай арнайы тексеріс жүргізілмейтінін мәлімдеді. Камералдық бақылау барлық салық төлеушілерге бірдей жүргізіледі. Блогерлер жеке тұлға ретінде қарастырылып, тек салық төлемеген жағдайда ғана ескерту алады.

Хабарлама алған азаматтар оған 30 жұмыс күні ішінде жауап беруі керек. Егер көрсетілген заңбұзушылықтармен келіспесе, салық органына түсініктеме жолдауға құқылы. Ал еш жауап берілмесе немесе түсінік дәлелсіз болса, толық салықтық тексеріс тағайындалады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close