Әлем жаңалықтары

МотоТаня: Танымал байкер қыз жол апатынан көз жұмды

Фото: euroline.by

Түркияда «МотоТаня» лақап атымен танымал ресейлік байкер қызды оқырмандары мен достары ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлады Qandastar.kz.

Ресейлік байкер, әрі блогер 38 жастағы Татьяна Озолинаны көпшілік «МотоТаня» лақап атымен біледі. Ол мотоцикл туралы видеолары және ерекше келбетінің арқасында танымал.

Белгілі болғандай, Татьяна Озолина Мугла провинциясының маңындағы Милас елді мекеніне жақын жерде өзінің мотоциклімен апатқа ұшыраған. Өзге әріптестерімен сапар барысында «МотоТаня» көлігін бақылай алмай қалып, жүк көлігіне соқтығысқан. Бойжеткен жедел жәрдем келгенше көз жұмған.

Таня Озолина TikTok желісіне бөліскен видеолары көп қаралым жинап үлгерген. Сол желідегі соңғы видеосында да Измир қаласынан Бодрумға жолға шыққанын, сондай-ақ, болашаққа деген жоспарларының көп екенін жазған. Алайда ол мақсаттары орындалмады. МотоТаняның артында кәмелет жасына толмаған 13 жастағы ұлы қалды.

Кейбір деректер бойынша, ол түркиялық байкермен соқтығысып, ауыр халде есін жимастан қайтыс болған. Айта кету керек, «МотоТаняның» YouTube-тегі арнасына 2 миллионға жуық, Инстаграмда 1 миллионға жуық оқырманы бар. Ал TikTok-та оның аккаунтына 5 миллион адам жазылған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close