Білім
Нартай Аралбай: Мектептегі техникалық қызметкерлердің жалақысы ескерілмейді
Фото: ашық дереккөз
Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев бастамалардың сөз жүзінде айтылып, іске аспай қалып жатырғанына қынжылды, – деп хабарлайды qandastar.kz
«Бүгін бірінші болып ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін қарадық. Жалпы сомасы 1,9 трлн. теңгеден асады. Көңілге қаяу салғаны, 2 жыл бойы шырылдап айтып жүрген бастамаларды бюджетке қоспай жыл айналып қайта келгендері.
1. Әлеуметтік педагогтарды В3 – В2 ауыстыруды қарастырмаған.
2. Қоғамды дүрліктірген оқулықтардағы қателіктер үшін ешкім жауапкершілік алмаған.
3. Мектептегі техникалық қызметкерлердің жалақысы ескерілмеген.
4. Халықтың қанша пайызының білім саласына көңілі толатынын есептейтін коэффицентті кімнің жасайтынын нақты білмейді құзырлы орындар, – деді депутат.
Бұған дейін Нартай Аралбай оқушының сабақ үстінде ұялы телефон ұстауын шектеуді ұсынған еді. Ол «Ата-аналар баланың гаджеттерді шектен тыс қолдануына жол бермеуі қажет» деген пікірді ортаға салды.