ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасы басталды

Фото:pixabay.com

5 наурыздан бастап «Отбасы банкінен» 7-9% мөлшерлемемен «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды,  деп хабарлайды qandastar.kz

Бағдарламаның мақсаты – алғашқы тұрғын үй сатып алу. Бағдарламаны соңғы бес жылда жылжымайтын мүлкі жоқ қазақстандықтар пайдалана алады. Өтінімдер 31 наурызға дейін Baspana Market порталында қабылданады.

Оған үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топ өкілдері, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, «Отбасы банк» салымшылары мен моноқалалар, аудан орталықтары мен ауыл тұрғындары қатыса алады. Бағдарлама шарттары бойынша депозит мерзімі маңызды емес, соңғы 6 айда ресми табысы болуы қажет. Ал «Наурыз Жұмыскер» бағдарламасына өтініш 17 наурыздан бастап қабылданады.

Бағдарламаға қатысу үшін жасы мен мәртебесі бойынша шектеу жоқ.

Қалай қатысушы болу керек:

1. «Отбасы банкінде» депозит ашу (егер ол әлі жоқ болса). Депозиттің мерзімі маңызды емес.

2. Депозитті 2 млн теңгеге дейін толтырыңыз (өтінім берер алдында барлық соманы салуға болады).

3. Соңғы 5 жыл iшiнде өзiнде және отбасы мүшелерiнде (ерлi-зайыптыларында және кәмелетке толмаған балаларында) жылжымайтын мүлiктiң болмауына тексеруден өту.

4. Соңғы 6 айда ресми табыстың болуын растау.

Бағдарламаның шарттары бойынша қарыз алушы бастапқы жарна болған кезде:

10%-дан – таза әрлеуде тұрғын үй сатып алу;

20%-дан бастап – бастапқы әрлеуде немесе қайталама нарықта тұрғын үй сатып ала алады.

Ипотека бойынша мөлшерлеме:

7% – тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін;

9% – қалғандары үшін.

Несие мерзімі – 19 жылға дейін. Қарыздың ең көп сомасы: Астана мен Алматыда 36 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 30 млн теңгеге дейін.

17 наурыздан бастап өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларының қызметкерлері үшін «Наурыз Жұмыскер» ипотекасына қабылдау басталады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close