Жаңалықтар
Назарбаевтың қыздары Қазақстанның ықпалды әйелдер тізіміне енбеді
Forbes woman Kazakhstan алғаш рет ең ықпалды 25 қазақстанды таныстырды, – деп хабарлайды qandastar.kz.
Рейтингті Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова бастап тұр. Одан кейін ЖРҚР төрағасы Мәдина Әбілқасымова (2-ші орын), Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова (5-ші орын), KASE басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі Алина Алдамберген (11-ші орын) жалғайды.
Рейтингте іскер әйелдер де шет қалмаған. Мысалы, 18-ші орынды Lancasterholding негізін қалаушы және Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева иеленді, сондай-ақ оған Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшысы Аида Балаева (4-ші орын) қосылған.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен және ортаншы қыздары Дариға Назарбаева мен Динара Құлыбаева ықпалдылар қатарынан көрінбейді.