Жаңалықтар

Назарбаевтың отбасы шетелдегі салтанатты кеште көзге түсті

Фото: ашық дереккөз

Канн қаласында өткен Knights of Charityатты қайырымдылық кешінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева, ұлы Тауман Назарбаев және немересі Нұрәлі Әлиев бой көрсетті, деп хабарлайды qandastar.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, сол кеште көрші үстелде Ұлыбритания корольдік отбасының мүшесі Сара Фергюсон, ханзада Эндрюдің бұрынғы жұбайы, ханшайым Беатрис пен Евгенияның анасы қонақтармен бірге кешкі ас ішіп отырғаны байқалады.

“Іс-шара барысында қонақтарға арнайы каталог ұсынылып, ондағы бағалы бұйымдар аукцион арқылы сатылымға шығарылды. Түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалатыны айтылды. Саудаға қойылған заттардың арасында танымал сербиялық теннисші Анна Ивановичке тиесілі болған Rolexсағаты да бар”, — дейді Nege.kz телеграм арнасы.

Кеште әлемге әйгілі италиялық тенор Андреа Бочелли өнер көрсетті.

Еске салайық, бұған дейін Назарбаев Астананың бас мешітінде көзге түскен еді.

Видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында мешіт азаншысы Қуаныш Сейітханов жариялады. Кадрларда Нұрсұлтан Назарбаев күзет қызметкерлерімен бірге мешіт ішін аралап жүргені көрінеді.

«21 маусымда ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бас мешітке келді», — деп жазған ол.

Сондай-ақ, кадрлардан Назарбаевтың мешіттегі халықпен тілдескені де көрінеді.

«Аман болыңыз, деніңіз сау болсын! Жүз жасаңыз!» — деп тілеген халық видеода.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close