Жаңалықтар

Назарбаевтың туыстары мен бірнеше шенеуніктің Дубайдағы мүліктері анықталды

 

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Әсел Құрманбаеваға тиесілі Дубайдағы жылжымайтын мүліктің құны 270 мың доллардан (119 миллион теңге) асады. Үй Палм-Джумейра – сәнді жылжымайтын мүліктері мен люкс қонақ үйлері бар жасанды аралда орналасқан. 

Ал мәжілістің экс-спикері Нығматулиннің әйелі Венера Баймырзаевадан ондаған жылжымайтын мүлік табылды. Оның Дубайдағы пәтерінің құны 4,3 миллион доллардан (шамамен 2 миллиард теңге) асады. Жалпы саны 50-ден астам.

Орталық сайлау комиссиясының экс-басшысы Берік Имашевтың ұлы Әлжан Имашевтың Дубайдағы Палм-Джумейрада құны 1 миллион доллардан асатын (441 миллион теңге) пәтері болған;

Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы басшысы Имашевтың әйелі Лейла Айдарбекованың да Дубайда 210 мың долларлық (92,6 миллион теңге) пәтері бар

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close