Жаңалықтар

Несиені кешіру мәселелері бойынша call-орталығы жұмыс істейді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін 111 call-орталығының мамандары нақты уақыт режимінде азаматтарға несиені кешіру мәселелері бойынша кеңес береді.

ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар 5 санаттағы азаматтар үшін бір реттік акция тәртібінде мемлекет жалпы көлемі 300 мың теңгеге дейін негізгі борышты және ол бойынша есептелген өтемақыны төлейді. 300 мың теңгеден асатын қарызы барлар 300 мың теңге көлемінде қарызының бір бөлігін өтейді. Бұл ретте, олардың жалпы қарызы ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес азаматтардың санаттары келесі: көпбалалы отбасылар; мүгедек балалары бар отбасылар, бала кезінен мүгедектігі бар 18 жастан асқан азаматтар; жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар; атаулы әлеуметтік көмек алушылар; жетім балалар.

«Жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтардың тізімін қалыптастыру орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде жүзеге асырылды. Атап айтқанда, ҚР Білім және ғылым министрлігі жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған балалардың, 23 жасқа дейінгі студенттердің тізімін ұсынды. ҚР Әділет министрлігі «Азаматтық хал актілерінің жазбалары» ақпараттық жүйесінде ерлі-зайыптылар немесе ата-аналар бойынша өзекті азаматтық хал актілері (неке және туу туралы) актілері бойынша мәліметтерді тексеруді жүзеге асырды» – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Нәтижесінде Жарлықтың күшіне сәйкес азаматтардың тізімі (шамамен 2,08 млн адам) және олардың отбасы мүшелерінің тізімі (шамамен 465 мың адам) қалыптастырылды. Бұл екі тізім (жалпы алғанда 2,289 млн адам) бірегейлікке тексерілді және ҚР Ұлттық банкі мен Мемлекеттік кредиттік бюроға берілді. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тізімнен: кредиті жоқ, жалпы қарызы 3 млн теңгеден асатын, берешектері коллекторлық ұйымдарға берілгендерді тізімнен алып тастады. Нәтижесінде 630 633 қарыз бен микрокредит бойынша берешекті өтейтін 506 941 борышкердің тізімі жасалды.

«Электрондық үкімет порталындағы «Борыш жүктемесін азайтуға арналған бағдарламаға қатысу мәртебесін тексеру» электрондық қызметін қолдана отырып, қарызды өтеуге жүгінетін азаматтардың тізімге енгізілгенін тексеруге болады. Ол үшін ЭЦҚ қажет. Жарлық пен ҚР Ұлттық Банкінің критерийлеріне сәйкес келуі тиіс азаматтардың тізімде болмауының басты себебі тізімде ОМО ақпараттық жүйелерінде олардың мәртебесі туралы өзекті деректердің болмауында. Атап айтқанда, АХАЖ АЖ-да неке немесе балалардың тууы туралы жазбалардың болмауы жиі кездеседі. Осыған байланысты кредиті бар азаматтар отбасы құрамынан, яғни Жарлыққа сәйкес келетін санаттардан шығып қалады. Бұл себеп: асыраушысынан айырылуына байланысты төлем алатын отбасылар; мүгедек балалары бар отбасылар; 18 жастан асқан бала жасынан мүгедек балалары бар отбасылар; атаулы әлеуметтік көмек алушылар сияқты басқа санаттар бойынша да болуы мүмкін» – дейді министрлік өкілдері.

Сондай-ақ, тізімде болмауының себебі көпбалалы отбасының мемлекеттік органдарға жәрдемақы алу үшін жүгінбеуіне және ешқандай ақпараттық жүйеде болмауына байланысты болуы мүмкін.

«Сонымен қатар, БҒМ-ның ақпараттық жүйесінде 4 мыңнан астам жетім бала, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бойынша мәліметтер жоқ. Егер тізімде болмаса, азаматтар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін coll-орталыққа 111 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады, онда оларға әрі қарай не істеу керектігі туралы кеңес беріледі» – дейді мамандар.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close