Жаңалықтар
Нұрлан Қоянбаев жол бойында сауда жасап тұрған келіншектен 2 тонна қарбыз сатып алды
Фото: instagram / koyanbayevnurlan
Түркістан облысының әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, әзілкеш Нұрлан Қоянбаев жол бойындағы сатушы келіншекті қуанышқа бөледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әзілкештің Instagram-парақшасында жарияланған видеода актердің өзінің «бұрынғы танысымен» кездесуін көруге болады.
Естеріңізде болса, желіде Қоянбаевқа тегін қарбыз берген әйелдің видеосы кеңінен тарап кеткен. Өз кезегінде актер де сатушыға алғысын білдіргісі келген: ол бірден екі тонна қарбыз сатып алған.
«Саудаңыз жүрсін. Сізге қолдау білдіргім келіп тұр. Айтыңызшы, мына сатып тұрған қарбаздарыңыздың барлығы қанша тұрады?», – деген Нұрлан Қоянбаев келіншектің банк картасына 200 мың теңге аударып жіберген.
«Толқып кеттім ғой, мұндай ақша алып көрмегенмін ғой», – деп эмоциясымен бөлісті келіншек.
Әзілкеш осы ретте қарбызды сатып алуды челленджге айналдырған, сатушылармен әңгіме барысында ол биыл сауданың нашар екенін білген.