Мәдениет

Нұртас Адамбай сот алдында жауап береді

Фото: kursiv.media

Іс Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Stan.kz сайтының жазуынша, Нұртас Адамбайға діни ғимараттарды салу, ғимараттарды діни мақсатта қайта тағайындау, функционалдық мақсатын өзгерту бойынша Қазақстан заңнамасын бұзды деп айып тағылған.

Сонымен қатар, әділет органдарында жарияланған материалдарда “Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды әкелуге, өндіруге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға қойылатын талаптарды бұзу” бабы бойынша да айып тағылып отыр.

Аталған құқық бұзушылықтар үшін: жеке тұлғаларға – 50 АЕК мөлшерінде (2024 ж. 184 600 теңге), заңды тұлғаларға – 200 АЕК мөлшерінде (2024 ж. 738 400 теңге) айыппұл қарастырылған.

Айта кетейік, сот процессі әлі де жалғасып жатыр. Бастапқыда процесс қазақ тілінде жүргізілген. Кейіннен Нұртас Адамбайдың өтінішіне сәйкес, орыс тілінде жүргізу туралы қаулы шыққан. Сот процессі 1 тамызда жалғасады.

Істі тыңдау 1 тамыз күні WhatsApp мессенджері арқылы мобильді бейнеконференция арқылы өтеді деп жоспарланған.

Бұған дейін халық арасында комедиялық жанрдағы фильмдерімен танылған әзілкеш әртіс және продюсер Адамбай Назарбаевтан, Путин мен Лукашенкодан кешірім сұраған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close