Жаңалықтар

«Ол үйді әкем сыйға тартқан»: Әйелі мен балаларын үйден күштеп қуып шыққан Марат Әйтенов оқиғаның мән-жайын айтты

Фото: ulysmedia.kz

Отбасын үйден күштеп қуып шықты деп басы дауға қалған Марат Әйтенов алғаш рет пікір білдіріп, сол күні не болғанын айтып берді., деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап.

Шымкенттің экс-әкімінің ағасы әйелі мен балаларына қол көтермегенін айтып ақталды. Марат Әйтенов сот орындаушылар шақыртқан соң оқиға орнына баруға мәжбүр болғанын айтады.

Құрметті достар, мен ешқашан әлеуметтік желілерді жеке мақсатта пайдаланған емеспін. Осы уақытқа дейін «Әйелмен ұрысқанша, өлген жақсы» деген қағидамен өмір сүріп келдім. Шамасы, уақыт келген сияқты. Ақпарат алаңы бұрынғы жұбайым Дана Әтешова таратқан ақпаратқа толды. Бірақ мен өз шындығымды айтқым келеді. Көпшілікті бала мен ананың соққыға жығылуы және “Марат Әйтенов ол жерде не істеп жүр?” деген сұрақ мазалайды. Мен онда жекеменшік сот орындаушылардың талабы бойынша бардым. Өйткені олар мені балаларыммен тәртібімді қарап жатыр. Менің түсінуімше, соттың үйден шығару туралы шешімін орындайтын жеке сот орындаушысы балалармен сөйлесу үшін басқа сот орындаушысын шақырады. Ал ол өз кезегінде менің келуімді талап етті, – дейді Марат Әйтенов.

Оның айтуынша, сот орындаушылары Әйтеновке іс жүзінде ультиматум қойған. “Балаларға физикалық және психологиялық тұрғыдан қауіп төніп тұр. Балалардың анасы да сот шешімін орындаудың заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін қылмыстық қудалауға ұшырауы мүмкін. Шұғыл келіп, осы мәселені шешіңіз” деп талап еткен.

Мен ешкімді, әсіресе, баланы, мейлі өзімнін немесе өзгені баласы болсын, ұрған емеспін. Әлеуметтік желіде тараған видеодан мұны анық көруге болады. Қызымның мұрнынан не себепті қан аққанын сол жерде жүрген жедел жәрдем қызметкерлерінен сұраған дұрыс болар. Менің қателігім, сол жерде болып қана қоймай, эмоцияға бой алдырғаным. Мен ол қателігім үшін 5 тәулікке қамалып, жазамды өтедім. Алда қылмыстық жазам бар, қазір тергеу жүріп жатыр. Ал сот орындаушыларының жұмысына кедергі келтірген балаларымның анасына қылмыстық іс қозғалған жоқ, – дейді Әйтенов.

Сондай-ақ ол не себепті басы дауға қалғанын баяндады.

Оқиға орнына барып ығайсыз жағдайға тап болдым. Барлық мемлекеттік органдардың өкілдері сол жерде болғанымен олардың тарапынан ешқандай шара қолданылмады. Олардың дәрменсіз екенін көрген Дана Әтешова заңсыз әрекеттерін тоқтатқан жоқ. Дананың әрекеттеріне төтеп бере алмайтындықтан олар балалардың әкесін, яғни мені “құрбан етеді”. “Сіз болмасаңыз, балаларды кім қорғайды?”, “Қалайша балаларыңыздың анасын қауіп-қатерге қиясыз?”, “Бұрынғы әйеліңіз болса да, ер азаматтар ондай қадамға бармайды” деп маған ықпал етуге тырысты. Осылайша, басым дауға қалды, – дейді Марат Әйтенов.

Оның айтуынша, Дана Әтешова күштеп қуылып жатқан үйді Марат Әйтеновтың әкесі қызы екеуі тұруы 2017 жылы сатып алған. Қызы 2018 жылы тұрмысқа шығып кеткендіктен басқа балаларымен бірге тұрмақ болады. Оның бұл өтінішіне Марат Әйтенов пен оның бұрынғы әйелі Дана Әтешова келіседі. Кейін әкесі Парасат 16 мекен жайында орналасқан үйді Марат Әйтеновке сыйға таратады. Бұл кезде Әйтеновтың отбасында жанжалдар жиілеп ол Дана Әтешовамен ажырасады. Құжатта екі тараптың да мүлікке таласпайтыны көрсетіледі.

Ажырсқанымызға қарамастан мен Дананың да, балалардың да қажеттілігін өтей беремін. Кейін Данамен және балалармен ара қатынасымызды реттеу туралы бұрынғы әйеліммен сөйлеспек боламын. Осы ретте оған үйді сатып, сол ақшаға екеуімізге бөлек пәтер сатып алуды ұсынамын. Бірақ Дана бұл ұсынысыма жауап бермеді. 2021 жылы Данаға үйді менімен бөлісікі келмесе өз атына аударып алуды ұсындым. Бұл туралы оның ағасы Досым Әтешовке де айттым. Мұныма да жауап берген жоқ. Алғашында ол үйді өз атына, кейін үлкен қызымыздың атына, одан ағасының атына аударуды ұсынды. Мән бәріне келістім, бірақ ол тараптан ешқандай әрекет болмады. 2021 жылдың 31 тамызында мен Парасат 16 мекен жайындағы үйдің және сол кезде маған тиесілі болған Toyota Land Cruiser 200 автокөлігінің құжаттарының түпнұсқасын Дана мен Досым Әтешовтың атына тіркеп, оны нотариусқа қалдырдым. Бұл туралы Данаға да, Досымаға да ескерттім. Сол күні кешек дейін құжатқа қоюды сұрадым. Бірақ олар менің бұл өтінішімді елемеді. Осылайша әкемнің маған үйді сыйға тарту туралы құжаттың күші жойылды. Әкем үйге қайта иелік етті. Алайда ол үйді сата алмай, балаларына беруді жөн көрді. Сөйтіп Парасат 16 мекен жайындағы үйді өкіл ұлы Әрсен Мусалимовке берді, – дейді Марат Әйтенов.

Жаңа қожайынның бұл талабына Дана қарсы шыққан. Үйді босату мерзімі өткен соң Әрсен Мусалимов сот арқылы әрекет етеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close