Жаңалықтар

«Олардың қалауы орталықтан зәулім үй»: журналист Нүсіпжановқа әкімдік пен жомарт жандар бірнеше үй сыйлағанын айтты

фото инстаграм.

Журналист: Нүсіпжановқа үй керек деген ақпарат тараған тұста оларды жақсы білетін кісілер айтып берді.

Әлеуметтік желіде әнші Нұрғали Нүсіпжановтың үйсіз жүргені туралы ақпарат тарап кетті. Осыған байланысты бірқатар азаматтар Халық әртісін қолдап, желіде жазба жарияланған болатын. Ал журналист Ася Асеткина желіде әншіні қолдап жазған постын өшіргенін айтты.

«Достар, мен Нұрғали Нүсіпжанов туралы постымды өшірдім. Себебі, ағаның жағдайын жақсы білетін кісілердің айтуы бойынша, Нұрғали ағаға осыған дейін бір емес, бірнеше рет (әкімдіктен де, меценаттар да) үй сыйлаған екен. Бірақ олардың, жас жұбайы Жадыра екеуі ол алған үйлерін қанағат тұтпай, қалаулары – Алматының жақсы районынан, үлкен үй алу екен. Анығын біліп алмай, асығыс пост салғаным үшін өздеріңізден кешірім сұраймын», – деп жазды ол facebook-тегі парақшасына.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close