Әлем жаңалықтары

Олигарх Машкевич пен Шодиев халықаралық жанжалдың ортасында қалды

Фото: Улыс медиа коллаж

Оңтүстік Африканың арнайы қызметі миллиардер Александр Машкевич пен Патох Шодиев басқарған Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) халықаралық корпорациясы қызметінің көлеңкелі тұсын ашты, – деп хабарлайды qandastar.kz

Танымал зерттеуші журналист Том Берджистің айтуынша, африкалық бөлімшенің жемқорлық пен ақшаны жылыстатуға қатысы бар. Істің негізгі эпизоды африкалық геолог Андре Беккердің жұмбақ өліміне қатысты.

Тергеуде корпорацияның жетекші басшылары ретінде Александр Машкевич пен Патох Шодиевтің есімі қатар аталады. Олардың Қазақстанды былай қойғанда Африкадағы шахталарды сатып алып, қалта қампайтуы да күдікті қоюлатып тұр.

Айта кетейік, ENRC-ді құрған үш олигарх – Александр Машкевич, Патох Шодиев және Алимжан Ибрагимов болатын. Олар Қазақстанда капитализм орнатылып жатқан алғашқы жылдары металл және тау-кен өнеркәсібі, энергетика мен қаржы саласындағы активтердің басым көпшілігіне бақылау орнатқан.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close