Әлем жаңалықтары

Олимпиада алтыны қайтарыла ма: Иман Хелифтің ер адам екені дәлелденді

Фото: ашық дереккөз 
Париж Олимпиадасында басы дауға қалған Иман Хелифтің ер адам екенін дәлелдейтін медициналық сараптама жария болды, деп жазады qandastar.kz
Боксшының ағзасында тек еркектерде ғана болатын жыныс дамуының бұзылуы бар. Сондай-ақ, еркектің ұрығы бар және жатыры жоқ.
Иман Хелифтің ағзасына тексеруді француз эндокринологтары Соумайе Федал және Жак Янг жүргізген. Сараптаманың қорытындысын журналист Джаффар Айт Аудиа жариялады.
Британдық журналист Пирс Морган Иман Хелифті Олимпиада алтынынан айыру бастамасын көтерді.
«Иман Хелиф — биологиялық еркек. Енді оны Олимпиада медалінен айырып, шынайы жеңгендерге тапсыру керек», – деді ол.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close