ЖаңалықтарСпорт

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды

Астана әуежайында Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Мәнерлеп сырғанаушыны туған-туыстары, жанкүйерлері және спорт қауымдастығының өкілдері жылы қарсы алды.

Михаил Шайдоров көрсетілген қолдау мен ықыласқа алғысын білдіріп, жанкүйерлер мен командасының сенімі оны Олимпиада алтынына жетелегенін атап өтті.

Салтанатты рәсімге спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен ҰОК президенті Геннадий Головкин қатысты.

Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин спортшылар Қазақстанды әлемдік аренада лайықты түрде танытып, елдің туын көтерген жаңа батырлар екенін атап өтті.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button