Әлем жаңалықтары

Олимпиададан кейін жауапты мекемелерде «кадрлық тазалау» басталмақ

Фото: almaty.tv

2024 жылғы Париж олимпиадасы аяқталғаннан кейін спортқа жауапты мемлекеттік мекемелерде тиісті аудит жүргізілетін болады. Спорт федерацияларының, Ұлттық олимпиада комитеті басшылығы және Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаевтың қызметіне баға берілмек, – деп хабарлайды qandastar.kz Dala inside телеграм арнасына сілтеме жасап.

«Шынын айтқанда «ана жақ» аса риза емес. Бұл әсіресе бокс пен тенниске қатысты. Онымен бірге фокусты технологиялық спортқа: садақ ату, батут, семсерлесу, бадминтон сынды бағыттарға бұру да ойластырылуда», – дейді DALA INSIDE дереккөзі.

Париж олимпиадасы біраз шешілмеген мәселені ашып берді. Қазақстан мен IBA арасындағы өзара түсініспеушіліктің бар екені, спортшылармен психологиялық жұмыстың жүргізілмегені байқалады. Бәрін тек ақша емес, жеке мотивацияның анықтайтыны айқын білінді. Токио олимпиадасынан ешқандай сабақ алынбаған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close