Жаңалықтар

Оралда жұмыс орнында қаза тапқан судьяның ұлы мемлекеттен 48 миллион теңге өндіріп алды

10 наурызда судья Нұрлан Ғұбашев сот актісін шығару үшін үстелге жайғасқан. Алайда кенес еңкейіп, сырылдап, еденге құлап кеткен. Дереу келген дәрігерлер оның көз жұмғанын анықтапты. 

Іс материалына сәйкес бастапқыда тергеу комиссиясы Нұрлан Ғұбашевтың өлімі қызметіне байланысты емес деп таныған. Алайда ұлы сотқа жүгініп, комиссия шешімін жарамсыз деп тануды және 48 миллион теңге бір реттік өтемақы төлеуді талап еткен. Сот бұл өтінішті қанағаттандырды. 

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close