Жаңалықтар
Өскеменде өрт сөндіруші биік ғимараттан құлап кетт

Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы
Желіде тараған видеода өрт сөндірушінің қызметтік міндетін атқару кезінде биік ғимараттан құлап кеткен сәті бейнеленген. Қауіпті оқиға Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында 2025 жылдың 5 мамырында орын алды, деп хабарлайды qandastar.kz
Красин көшесіндегі тұрғын үйдің төртінші қабатында өрт шыққан. Өрт кезінде үйде ешкім болмаған. Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері құтқару жұмыстары барысында автобаспалдақпен көтеріліп бара жатып, абайсызда биіктен құлаған.
Желі қолданушылары өртсөндіру қызметкерлерінде арнайы техниканың жоқтығына назар аударған.
«Техника қайда, министр мырза?», деп сұрақты пікір қалдырған оқырман тарапы.
— Міне жұмыстарына адалдық деп осынау айтуға болады, сен тұр мен шығайын деген жігіттер, көз алдында әріптестері құлап жатсада, бой бермей екіншісі өз өмірін бәйгеге тігуге дайын азаматтар. Еңбектері бағалау керек.
Құлаған өрт сөндірушіге ТЖМ Қауіп-қатер медицинасы орталығының мамандары алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейін ол травматология бөліміне жеткізіліп, оған «оң табаны сынған» деген диагнозы қойылған. Қазіргі таңда оның жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп жоқ екені хабарланды. Оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
Ал министрлік дерегінше, өрт сөндіру кезінде арнайы автокөтергіш техника қолданылғанымен, оқиға орнындағы қалың өсімдіктер техника жұмысына кедергі келтірген.