Жаңалықтар

Өскеменде тұрғын үй өртеніп, ондаған адам құтқарылды

Өскеменде 10 мамырға қараған түні тұрғын үйдің 5-қабатынан өрт шықты. Бұл туралы qandastar.kz сайты хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Г. Потанин көшесі бойында орналасқан тоғыз қабатты үйлердің бірінің 5-қабатындағы пәтерден шыққан.

“Қатты түтіннің салдарынан 20 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды. Сондай-ақ 14 адам құтқарылды, оның жартысы балалар” – делінген хабарламада.

Өрт 20 шаршы метр аумақта сөндірілді. Көмірқышқыл газынан уланған пәтер иесі Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел медициналық жәрдем орталығының бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close