Жаңалықтар

Отандық брендтер неге кеңінен сатылымға шықпайды: танымал қазақ дизайнерлері ағынан жарылды

Соңғы уақытта қолы шебер, тіккен киімі көздің жауын алып, ерекше сән беретін қазақстандық дизайнерлер көбейіп келеді,-деп хабарлайды Qandastar.kz

Отандық шеберлердің өнімдері шетелдік бәсекелестерін ығыстыра алуға лайықты.

Қостанайда отандық және жергілікті сән серкелерінің басын қосқан Kazakhstan fashion week Kostanay сән апталығы өтті. Жобаның негізін қалаушы Алексей Дженнің айтуынша, әлемдік сәнді қалыптастырушы Милан, Париж секілді халықаралық дизайнерлердің басын қосқан сән реестріне Орталық Азия елдерінен қазақстандық осы ұйым ғана енген. Бұл ұжымның басты мақсаты – ел тұрғындарына отандық дизайнерлерді дәріптей отырып, шеберлеріміз тіккен киімдерді кигізу. Дизайнердің сөзінше, қазір отандық сән серкелерінің киіміне сұраныс мол.

«Қазақстандық дизайнерлер пайда бола бастағанда олардың киімдерін жерлестерімізге «күштеп» кигізетінбіз. Олар отандық киімді тойға не жұмысқа киіп барғанда бұл қазақстандық дизайнердің қолынан шыққан өнім екенін айтуға ұялатын, үстіне жарасып тұрса да жасырып қалатын. Құдайға шүкір, бұл күндерден өттік. Бүгінде еліміздің атақты, қалталы, танымал тұлғалары біздің дизайнерлердің киімдерін мақтанышпен киіп жүр. Біз де әлі сол «Қазақастан тұрғындарына қазақ киімдерін кигізу» деген ұраннан жаңылмай, сол мақсатта еңбек етіп келеміз. Біз осындай дәрежеге жету үшін көп іздендік. Шетелдік белгілі шеберлерді шақырып, шеберлік сағаттарын өткіздік. Қазіргі отандық сән серкелері де Париж, Миланда көп оқып, ізденіп, білімін жетілдірді», – Алексей Джен.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close