Жаңалықтар
«Отау» ипотекалық бағдарламасының шарттары өзгерді
Фото: atamekenbusiness_qaz
“Отау” ипотекалық бағдарламасының шарттары енді “Наурыз” бағдарламасымен бірдей болады, деп хабарлайды qandastar.kz atamekenbusiness_qaz сілтеме жасап. Демек мөлшерлеме 7 пайызға дейін төмендейді.
Сонымен қатар, Астана мен Алматыда несие сомасы 36 миллион теңгеге дейін ұлғайтылады (басқа өңірлер үшін 30 миллионға дейін).
Өтінішті депозит ашқаннан кейін бірден беруге болады. Бұрынғыдай 18 ай күтудің қажеті жоқ. Алматы мен Астанада пәтер сатып алатын болсаңыз, қалада тіркелу міндетті емес.