Жаңалықтар

«Отыз жыл бойы бір адамның аузына қарап отырдық». Қошанов экс-президентті сынап тастады

Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ел ішінде «Ескі Қазақстан» аталып кеткен элита тұсындағы саяси ахуалды сынға алды деп жазады qandastar.kz

Ertenmedia хабарлағандай,  ол тұста елді бір ғана адам билеп-төстеп тұрған, тиісінше бүткіл капитал да бір ғана тұлғаның төңірегіне шоғырланған. Президент Тоқаевтың саяси реформаларын іске асыруға арналған жалпы отырыста Қошанов экс-президенттің ең үлкен қателігін бетіне салық қып басты. «Суперпрезиденттік жүйе бүкіл елді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстады. Отыз жыл бойғы жалғасқан бұл үрдіс ақыр соңы саяси тұйыққа тірелді, наразылық тудырды.

Бүкіл билікті уысында ұстаған ат төбеліндей топ елдің ит-ығырын шығарды, қоғамның жүйкесін жұқартты.

Сондықтан үш жыл бұрын саяси жүйені түбегейлі жаңғырту қажеттілігі туды. Барлық билікті бір адамның қолына бермей, тепе-теңдік пен тежемелік механизмі бар жаңа үлгі енгізу аса маңызды қадам болды», – дейді Қошанов. Сөй дей келе соңғы үш жылда атқарылған бірқатар жетістіктерді жіпке тізе жөнелді. Айта кетелік, бүгін Тоқаевтың билікке келгеніне алты жыл.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close