Қарияның видеосы желіде тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Аmic.ru-ға сілтеме жасап.
Видеодан әженің Жаңа жылдың белгісі деп оливье салатын ваннаны толтырып әзірлегенін көруге болады.
Ал немересінің тым көп дайындапсыз дегеніне әжей: «Өздерің оливье сұрадыңдар ғой. Тауысып жейсіңдер» дейді.
Бұл ретте желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі мұны орынсыз, ысырап десе, енді бірі жаңажылдық көңіл күй сыйлаған әжеге алғысын білдірді.


