Жаңалықтар

Өзеннен трос арқылы өтпек болып, суға құлаған ер адамның денесі табылды

10 мамыр күні Жетісу облысы Кербұлақ ауданында Көксу өзенінің бір жағынан екінші бетіне трос арқылы өтпек болған ер адам орта жолда ағысқа құлап, жоғалып кеткен еді. Бірнеше күн іздеуден кейін әскери қызметкердің денесі табылды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтың денесі 15 мамырда табылғанын мәлімдеді.

«Жетісу облысының Кербұлақ ауданында оқиға орнынан 15 шақырым төмен жерде ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның денесін тауып, судан шығарып алды. Табылған кезде ол ішінара киімде болған. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close