Әлем жаңалықтары

Парижде спорт басқармасының басшысы қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Алматы қаласының спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин Парижде қайтыс болды, – деп хабарлайды qandastar.kz

“Өкінішке қарай, біз Алматы қаласының спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннен айырылдық . Оның жүрегі кенеттен тоқтап, қайтыс болды”, – деп хабарлайды туризм және спорт министрінің қоғамдық байланыстар және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшариптің сөзін.

2012 жылдан 2019 жылға дейін кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, Алмалы ауданы әкімінің аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2019 жылдан 2022 жылға дейін Алматы қаласының Алмалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

26 мамырда Алматы қаласының спорт басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close