Жаңалықтар
Пәтерде жалғыз құлттанып қалған: Оралда үш жасар қыз құтқарылды

Орал қаласында үш жасар қыз пәтерде жалғыз қалып қойды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында бала дін аман құтқарылды, деп хабарлайды qandastar.kz ақпараттық порталы.
Оқиға орнына дереу жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері кіреберіс есікті ашып, қызды қауіпсіз жерге шығарды. Абырой болғанда, бала ешқандай жарақат алмаған.
Құтқарушыларды көрген кішкентай қыз қуанышпен қарсы алды, ал анасы қызметкерлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.