Білім

Педагогика саласында 9 мың бос жұмыс орны тіркелген

Фото: Тенгриньюс

Қазақстанда сұранысқа ие 5 мамандық тізімі шықты, – деп хабарлайды qandastar.kz atamekenbusiness телеграм арнасына сілтеме жасап. 

1) Инженерия

❗️19 мың бос орын

Кез келген елдегі тапшы мамандықтардың бірі. Білікті әрі білімді мамандардың көмегімен құрылыс индустриясы және өнімнің автоматтандырылған деңгейі артады. Қандай жағдай болмасын, елде дағдарыс бола қалған күннің өзінде инженерлердің сұраныста болатыны анық. ХХІ ғасырдағы инженерлерге қойылатын қос бірдей талап бар: бірі – ағылшын тілін жетік меңгеру, екіншісі – жаңа технология тілін жетік түсіну.

2) IT саласы

❗️16 мың бос орын

Әлемде қазір IT саласы бойынша Үндістан алдыңғы орында тұр. Компьютерді құрастыру мен сайт жасау кез келген техника тілін меңгерген маманға таңсық емес. Алайда оның күрделі функцияларын атқару, дамыту, ерекшелеу секілді тектерін меңгеру басқа әңгіме. Біздің білімді жастар математика саласында ең үздіктер қатарында. Ендеше, бүгін және ертең жойылып кетпейтін мамандық осы IT саласы.

3) Веб-дизайнер

❗️12 мың бос орын

Бұл болашақтың мамандығы. Себебі, сайт кез-келген компанияның айнасы, тұтынушы мен қолданушы арасындағы көпір. Жақсы жасалынған сайт компанияларға көп мүмкіндік береді. Сондықтан оны тартымды және заман талабына сай жасайтын маман жоғары жалақы мен сұранысқа ие болары сөзсіз.

4) Педагог

♦️Мұғалім – электронды еңбек биржасында 9,2 мың бос орын;
♦️Математика мұғалімі (алгебра және геометрия) – 3,5 мың бос орын;
♦️Бастауыш сынып мұғалімі – 3,3 мың бос орын.

Қазақстанның еңбек нарығында 5-7 жылда сұранысқа ие болатын мамандықтар тізіміне– педагогика саласы еніп отыр. Себебі, елімізде қазірдің өзінде бірнеше облыс «қызыл аймаққа» енген. Яғни, өңірлерде мұғалім тапшылығы байқалады. Бірақ, мамандық таңдағанда қызығушылық пен қабілет болмаса, «мәңгілік мамандық» ретінде мұғалімдікті таңдап, өзіңді қинауға болмайды.

5) Есепші

❗️7 мың бос орын

Қазіргі уақытта бухгалтерия мен аудит бойынша көптеген компаниялар аутсорсингтік компанияларға жүгініп жүргенімен, есепші мамандығы ешқашан сұраныстан түскен емес. Әсіресе, дамыған және дамушы елдерде өз статусын жоғалтпайды. Елімізде 7 мың бос орын тұр.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close