Жаңалықтар
Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды
Фото: ашық дереккөз
Астана қаласының тергеу сотының баспасөз қызметі Перизат Қайраттың екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz.
«2024 жылғы 15 қарашада сотқа тергеу органдарының күдікті Перизат Қайрат-қа қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші келіп түсті», – делінген Астананың тергеу сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомство 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен бұл өтініш қанағаттандырылды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге деректер жарияланбайды.
Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайраттың Қазақстанда көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік.
Ал бүгін, 16 қарашада оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталды.