Жаңалықтар
Пештің қараусыз қалуы: Қостанай облысында 5 бала қаза тапты
Фото: Ашық дереккөз
Қостанай облысы Жітіқара қаласында таңғы 5-тер шамасында жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлады Qandastar.kz. Құтқарушылар шақырту алғаннан кейін өрт болған жерге 7 минутта келген. Алайда өрт сөндірушілердің мәліметінше, үй толығымен отқа оранған. Сонымен қатар шатыры опырылған.
Оқиға орнында үлкендердің қарауынсыз кәмелет жасына толмаған 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылдары туған алты бала болған. Өкінішке орай, үйінділерді тазарту барысында бес баланың денесі табылды. 2011 туған үлкен бала ғана дін аман, зардап шекпеген.
«Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін танысына кеткен, ал әкелері түрмеде. Қазір оқиғаның себептері анықталуда. Өрт-техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Ал апаттар медицина орталығының психологтары туыстарына қажетті псиохологиялық көмек көлсетіп жатыр», – делінген жергілікті әкімшілік хабарламасында.
Қостанай облысының әкімдігі отбасы мен жақындарына көңіл айта отырып, барлық қажетті көмекті, соның ішінде материалдық көмек көрсетуге уәде етті.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, өрттің алдын ала себебі – пештің қараусыз қалуы. Оқиға орнында облыс прокурорының бірінші орынбасары Б.Бекбосынов бар. Қылмыстық істі тергеудің барысы Бас прокурордың бақылауына алынды.