Жаңалықтар
Петропавлда кәсіпкердің отбасы айуандықпен өлтірілген
Фото: ашық дереккөз
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы кәсіпкерлер отбасын айуандықпен өлтіру ісіне қатысты пікір білдірді, – деп жазады qandastar.kz
2023 жылғы желтоқсанның аяғында Петропавлдың Жұмысшылар ауылында жерлеу компаниясының иелері Приходченколар отбасы қатыгездікпен өлтірілді. Одан кейін кісі өлтірді деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Көп ұзамай полицейлер жерлеу рәсімін жасайтын ірі компания директорының орынбасарын ұстады.
Биылғы жылдың 28 қазанында сот бір айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру, іс бойынша екінші айыпталушыны 21 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сотталушы әйел үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оның әрекетінен өзіне белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарламауды ғана көріп, ал арандатушылыққа кінәлі екенін дәлелдемеген.
«Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Приходченко отбасын өлтіру дерегі бойынша көптеген жарияланым мен түсініктемеге сүйене отырып, кінәлі E-ні өмір бойына бас бостандығынан айыруға, О-ны 21 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға, С-ны 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталғанын хабарлайды. О. және С-ға қатысты жазаның жеңіл болуына байланысты облыстық прокуратура бұл үкіммен келіспеді. Осыған байланысты 2024 жылғы 12 қарашада облыстық сотқа апелляциялық шағым енгізілді», – делінген хабарламада.