Жаңалықтар
Петропавлдықтардың отбасында 19-шы сәби дүниеге келді
Фото: ашық дереккөз
Петропавлда көпбалалы Құлтышевтар отбасында 19-шы сәби дүниеге келді, – деп хабарлайды qandastar.kz.
6 тамызда Татьяна Құлтышева салмағы 4250 грамм, бойы 56 сантиметр болатын қызды дүниеге әкелген.
Қазір олардың 10 ұл, тоғыз қызы бар. Ерлі-зайыптылар 2000 жылы шаңырақ құрған. Павел да көпбалалы отбасынан шыққан. Тұңғышын дүниеге әкелерде Татьяна 20 жаста болыпты. Олардың қызы Иннаның да қазір балалары бар.
Информбюро жазғандай, Татьяна мен жаңа туған нәрестенің жағдайы қалыпты.