Жаңалықтар

Pinduoduo Қазақстанға тауар жеткізуді тоқтатты

Фото: 1688-master.com

«Қазпошта» қызметі Pinduoduo желісінің тауарларды Қазақстанға уақытша жеткізбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«Pinduoduo барлық ресми онлайн тасымалдаушыларды 19 қазаннан бастап техникалық жетілдірулерге байланысты жұмысын уақытша тоқтатты. Өкінішке қарай, жұмысты қалпына келтірудің нақты мерзімдерін атай алмаймыз», – делінген хабарламада.

Pinduoduo немесе PDD – ең үлкен маркетплейстердің бірі. Онда азық-түлік, тұрмыстық техника және тағы басқа тауарды тұтынушыларға арзан бағаға сатады. Тікелей өндірушілерден сатып алу мүмкіндігі бар. Ол 2015 жылы құрылған. Штаб-пәтері Шанхайда орналасқан.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close