Жаңалықтар

«Полицейлер Z-қоғамына қызмет етіп жатыр»: Алматы тұрғыны ресейліктерге қарсы ән шырқағаны үшін полицияға шақырылды

Фото: инстаграм парақшадан алынды
Алматы қаласының тұрғыны Мария Кочнева фристайл рэпте ресейліктерге қарсы ән шырқағаны үшін Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне шақырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қыздың досы Темірлан Еңсебектің сөзінше, Марияны полиция департаментіне соғысқа қарсы ән шырқағаны үшін шақырған.

“Мария Қарасай батырдағы Алмалы аудандың полиция департаментіне жауап алуға шақырылып жатыр. Себебі, қазақстандық полиция өшпенділік пен соғысты қолдайтын Z-қоғамына қызмет етіп жатыр. Не үшін? Өйткені ол соғысқа қарсы және Украинада соғыс басталғаннан кейін танымал болған әнді шырқады», – деп жазды ол.

Еңсебек бұл әнді Кочнева екеуі Украинадағы соғысты еске түсіру үшін ойлап тапқанын айтты.

«Бұл ән Украинада соғыс басталғаннан кейін трендке айналды. БАҚ-та танымал болғаны сонша, ән барлық әлеуметтік желілерде бірінші орынға ие болды. Бұл соғысқа қазақ халқының реакциясы болды. Сондықтан біз бұл әнді айтуды жөн көрдік», – деді Еңсебек.

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украинаға қарсы «арнайы әскери операция» деп атайтын ауқымды соғыс бастады. Шабуылдың себептерінің бірі өзін-өзі жариялаған ДХР мен ЛПР-ның «қауіпсіздігін қамтамасыз ету» болды.

2022 жылдың қыркүйегінде Ресей Федерациясы Запорожье және Херсон облыстарында, сондай-ақ ДХР мен ЛХР-да референдумдар өткізді. Нәтижесінде бұл аумақтар Ресейдің құрамына кірді.

Қазақстан тараптарды талай рет бейбітшілікке шақырды. Республика Украина облыстарын аннексиялау туралы референдумдарды мойындамады.

Мамыр айында Қазақстанның Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты шешу үшін алаң беруге дайын екені белгілі болды. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close