Жаңалықтар
Полиция Шерзат Болаттың ағасы жазған хабарламаға қатысты түсініктеме берді
Фото: ашық дереккөз
Полиция марқұм Шерзат Болаттың ағасының өліміне қатысты пікір білдірді, деп жазды qandastar.kz Алматы облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсаған.
Марқұм ағымдағы жылдың 4 қазанында қайғылы қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды.
Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұрады.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
Құрметті азаматтар, тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз!