Мәдениет
Полиция Ұланғасыр Қамиге қатысты шешім шығарды
Фото: ашық дереккөз
Қостанай тұрғыны Саида Сисембаева (Facebook-та Saida Kastaneda) ІІМ-ге әнші Ұланғасыр Қамидің үстінен арыз жазған еді,– деп хабарлайды Aikyn.kz Аzattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Ол ҚР ҚК-нің 174-бабына сәйкес Қамидің әлеуметтік және гендерлік алауыздықты қоздыру, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін ақтау туралы мәлімдемелерін тексеруді сұраған еді.
«Менің өтінішім қанағаттандырылған жоқ. Алматы қаласының Полиция департаменті өтінішімді тіркемеді. Олардың айтуынша, әнші Ұланғасыр Қамиевтің сөздерінде ешқандай қылмыс құрамы жоқ екен. Әнші сөзінде әйелдерді күйеулерінің өлтіруін ашық ақтаса да, біздің полиция оған көз жұма қарап отыр. Енді әншінің бұл пікірін қолдайтын ер адамдар әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтірсе не болады. Бұл сұмдық қой», – деді Саида Сисембаева.
Еске салсақ, әнші Ұланғасыр Қамиев әлеуметтік желіде хиджаб кимеген әйелдерді күйеулері өлтіреді деген мәлімдемесінен кейін сынның астында қалған еді.